Биыл Қытайдан 84 мыңнан астам турист келген
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/5df012f2_ef24_4221_9fb8_df639008dbe8_3eefd2a54f.jpg)
Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан COTTM (China outbound Travel&Tourism) халықаралық көрмесіне отандық делегация қатысып, шетелдіктерге еліміздің туристік әлеуетін кеңінен таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.
Жалпы көлемі 96 ш.м. құрайтын қазақстандық стендті Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК», Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм басқармалары ұйымдастырды.
«Kazakh Tourism» және Алматы қаласы және Алматы облысының біріккен стенді қытайлық туркомпаниялардың ерекше ықыласына ие болды. Өзара визасыз режимнің енгізілуіне және 2024 жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына орай біз екі елдің туристік нарығы тарапынан белсенділік артқанын байқап отырмыз, - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Қазақстанның ұлттық стенді бай мәдени бағдарламасының нәтижесінде көрмеге келушілер арасында кеңінен танылды. Қазақ батырларының бейнесі, сондай-ақ домбыра мен қобызда орындалған ұлттық күйлер туристердің көңілін өзіне аударды. Сондай-ақ стендке келушілер ұлттық тағамдарымыздан дәм татты.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлемдік пандемиядан кейін елімізге саяхаттайтын Қытай туристерінің ағыны қалпына келе бастады. Мәселен, өткен жылы Қазақстанның қонақүйлеріне 45 мыңға жуық қытайлық турист тоқтаған болса, биыл олардың саны саны екі есеге өсіп, eQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес 10 айдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарында 84 мыңнан астам турист тіркелген.
Делегация құрамына Қазақстанның туристік индустриясының 25 өкілі, атап айтқанда 18 туроператор, 5 қонақүй, 1 сауда орталығы және Global blue Tax free енді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режим биылғы 10 қарашада күшіне енді. Сонымен қатар 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Соның шеңберінде туризм және спорт министрлігі қытайлық туристерді Қазақстанға тарту үшін іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.
Қытайдағы халықаралық туристік көрме – шығу туризмі мен шетелде демалуға бағытталған. Көрмеге жыл сайын ҚХР-дан 5000 туризм мамандары қатысады.
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)