00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда таңбаланған аяқ киімнің көлемі екі есеге ұлғайды

13.06.2023 | 10:00
106

Биыл сәуірдің 1-інен бастап елімізде аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енді. Яғни, осы кезеңнен бастап тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынады, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы 2 айда республикада жоғарыдағы тәртіпке сай аяқ киімнің мөлшері 2 есеге өсті. Осы жылдың наурызында таңбаланған аяқ киімнің көлемі ТТҚ АЖ тіркелген таңбалау кодтарының саны 6 145 348 дана болса, сәуір-мамыр аралығында жүйеде бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Демек бұл бизнестің бақылау жүйесімен жұмыс істейтінін және оның көлеңкелі экономиканы тежеудегі артықшылығын көрсетіп отыр.

Цифрлы таңбалау мен қадағалаудың басты тиімділігі – тауарларды жеткізу және сату тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осы арқылы аяқ киім тауарларының «сұр» импорты мен айналымын алдын алады. Ресми деректерге сүйенсек, бұл саладағы көлеңкелі экономика 48%-ға жетіп отыр. Яғни, әрбір екінші өнім елімізге заңсыз әкелінетінін аңғартады.

Цифрлы таңбалау тетігіне отандық өндірушілер тарапынан қызығушылық басым. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жүйе тауарды елге заңсыз алып келуге мүмкіндік бермейді және тауарды көлеңкелі айналымда төмен бағаға сататын, бәсекелесуге мүмкін емес импорттаушыларды анықтауға көмектеседі.

Өндірістік нысандарда барлық қажетті таңбалау процесі жолға қойылған. Айтарлықтай қиын емес және таңбалауды енгізуде қандай да бір кедергі туындағанжоқ. Біз таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салынатынына дайын болдық. Өйткені таңбалаудың қажеттілігін түсінеміз және нарықтағы ашықтық пен адал бәсекелестікті қолдаймыз, - деді QazTextileIndustry Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы басқармасының төрағасы Гүлмира Уахитова.

Кәсіпкерлердің, оның ішінде импорттаушылардың ақпараты бойынша таңбалау құны орта есеппен 350 теңгені немесе бір жұп аяқ киімге шаққанда шамамен – 1%.

Все новости