Қазақстанда бизнесті реттеудің жаңа саясаты енгізіліп жатыр
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/oono_6f600db2f0.jpg)
Үкіметте Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Премьер-министр Әлихан Смайылов кәсіпкерлік саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов қазіргі уақытта республикада бизнеске қатысты кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатқанын атап өтті. Атап айтсақ, қаңтар айынан бастап Міндетті талаптар реестрі ашық түрде жарияланды.
Енді Реестрде жоқ талаптар бойынша тексерулер жүргізілмейді. Биыл заңнамадан бизнес үшін 10 мың керексіз талаптар алынып тасталады. Бұл тексерулердің санын едәуір қысқартады. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру толығымен аяқталады, — деді Премьер-министр.
Оның айтуынша, биыл шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдау шаралары кеңейтілді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі (жеңілдетілген несиелер және қаржылық лизинг) 116-ға ұлғайды. Бірқатар басым қызмет бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.
Бизнестің жол картасын қаржыландыру көлемі 224 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде биыл 20 мыңнан астам жобаны субсидиялау, 18 мыңнан астам жобаға кепілдік беру көзделіп отыр. Орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданады.
Сонымен қатар Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 368 нысан бәсекелес ортаға берілді, 62-сі таратылу немесе қайта құру сатысында екені атап өтілді. Биыл тағы 106 нысан сатуға қойылады және «KEGOC» компаниясы SPO-ға шығарылады (акцияларды қайталама орналастыру).
Қорытындылай келе, Үкімет басшысы кәсіпкерлік саласында цифрландыруды енгізу қарқынды жалғасатынын айтты. Сонымен қатар жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің жобаларын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)