5 мың теңгелік жаңа банкнота айналымға шығарылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/5000_34e1fc82e3.webp)
Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылдың 23 желтоқсанында 5 мың теңгелік жаңа банкнотаны айналымға шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген,- делінген Қазақстан Ұлттық банкінің хабарламасында.
Банк жаңа номиналдарды жалған ақшадан ажыратуға көмектесетін бірнеше қорғаныш элементтерін көрсетті:
1. Банкнотаға бедер салатын алтын интаглио атты арнайы баспа тәсілі қолданылған. 5 000 теңгеде алтын түсті күрделі бедерлі бояумен Қазақстанның елтаңбасы басылған.
2. Банкнотаның бет жағының жиегінде шығыңқы, күрделі бедерлі элементтер бар, оларды саусақпен сипап сезуге болады.
3. Банкнота бетінде екі түсті үзік-үзік қорғаныш сызық та бар. Ол, жарық түскенде, біртұтас сызық болып анық көрінеді. Банкнотаға басқа қырынан қараған кезде, қызыл және көк түстер бір-бірін кезектесе алмастырып тұрғандай әсер беретін динамикалық эффект байқалады.
4. Банкнотаның бет жағында бүркіт бейнесіндегі көлемді, айшықталған патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударғанда, номиналдың құнын білдіретін цифр ою-өрнекке айналады, сондай-ақ күн белгісінің сәулелері жан-жаққа таралғандай әсер байқалады.
5. Кей көркемдік элементтерге арнайы алтын түстес жылтыр бояу қолданылған.
6. Банкнотаға жарық түскенде, номиналдың құны көрсетілген ерекше белгі анық байқалады.
7. Банкнотаның екінші бетінде «Бүркіт» артефактінің бейнесінде көлемді Спарк элементі орналасқан. Банкнотаға басқа қырынан қараған кезде, Спарктың түсі алтын түстен нефрит түске өзгереді.
Мұндай тексеру тәсілдері бірнеше секунд уақытты алады және кез келген адамға банкнотаның түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)