Елімізде миллион теңге табысы бар 6 мың бизнесмен бар
![](/img/articles/uploads/64004287147c4536339755_c7c1319368.jpeg)
Қазір ауқатты кәсіпкерлер мен тәуелсіз жұмысшылар санатына ену үшін 2021 жылғыдай 500 мың теңге емес, 1 млн теңге табыс болуы керек, деп хабарлады Elorda.info ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда барлығы 8,9 млн жұмыспен қамтылған адам бар. Оның 6,8 млн-ы жалдамалы жұмысшылар, 2,1 млн-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ұлттық статистика бюросының мамандарына соңғы санатқа жеке кәсіпкерлерді; АҚ, әртүрлі жеке серіктестіктер құрылтайшылары, қатысушыларын; өндірістік кооперативтердің мүшелерін; жеке жұмыс істейтін адамдар мен жеке шаруашылық ұстап өнімін сататындарды жатқызады.
Жалпы, Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы мәз емес. Осы санаттағылардың 24,8%-ы (528,9 мың адам) былтырғы төртінші тоқсанда айына 60 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін табыс тапқан. Тағы 358,9 мың азамат ең төменгі жалақыдан төмен табыс тапты: 37,4 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін. Тағы жарты млн-ға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы 100 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін болды. Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санында медианалық табыстан (204 мың теңге) айтарлықтай төмен жалақы алатын тәуелсіз жұмысшылар басым болды: 81,4% немесе 1,7 млн азамат.
Табысы 500 мың теңгеден асатын ауқатты кәсіпкерлердің үлесі аз болып шықты: бар болғаны 1% немесе 22,3 мың адам. Оның тең жартысы жалақысы 500 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін (10,3 мың адам). 2022 жылдың қазан-желтоқсан айларында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 6 мыңға жуық қазақстандық айына 800 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін алса, осыншама адам миллионер болып есептелді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында табысы 1 млн теңгеден көп өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірнеше есе азайды: бар болғаны 1,2 мың адам.
Миллионер кәсіпкерлер өңірлер бойынша саны біркелкі емес. Табысы 1 млн теңгеден көп барлық тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 89%-ы алматылықтар (5,3 мың адам) болды. Тағы 9%-ы, яғни 541 адам Астана қаласы мен Ақмола облысында тұрады. Өте аз үлес (шамамен 2%) Маңғыстау және Ұлытау өңірлерінде. Басқа өңірлерде миллиондаған табысы бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жоқ.
Санаттағы барлық азаматтардың 95,1%-ы қала тұрғындары (5,7 мың адам) болып шықты. Тек 293 адам (4,9%) ауылда кәсіппен айналысып, 1 млн теңге табысқа қол жеткізген.
Миллионерлердің жартысына жуығы сауда саласында жұмыс істеу арқылы осындай жоғары табысқа қол жеткізген (44,8%). Табысы 1 млн теңгеден көп өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 21%-дан астамы жылжымайтын мүлік саласында бизнес иелері немесе тәуелсіз сарапшылар болды. Құрылыс саласы үшінші орында (13,3%). Миллиондаған табысы бар өзін өзі жұмыспен қамтығандар ең аз сала ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,2%).
Швейцариялық Credit Suisse (CS) банкінің әлемнің әртүрлі елдеріндегі әл-ауқат деңгейі туралы Global Wealth Report 2022 аналитикалық есебінің деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың соңына қарай Қазақстандағы долларлық миллионерлердің үлесі республиканың ересек тұрғындарының 0,3%-ын құрады. Абсолютті түрде бұл 36,9 мың адам. 2020 жылмен салыстырғанда мұндай деңгейдегі қазақстандықтардың саны 50,9% өсті. Пандемияның бірінші жылында байлығын миллиондаған АҚШ долларымен өлшейтін байлар, дереккөзге сүйенсек, елде 24,5 мың адам болған.
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)