00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Поиск

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 20 пайызға артты

31.03.2023 | 22:23
Елорда ақпарат
84

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад аграрлық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр 2022 жылғы қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-дан астамға өсіп, $500 млн құрағанын атап өтті. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Иран нарығына жалпы құны шамамен $250 млн болатын қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын.

Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы үлесі – шамамен 80%. Біздің елдерімізде АӨК өнімінің тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар, — деді Әлихан Смайылов. 

Жалпы, Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Үкіметі екі елдің басшылары қойған жалпы сауда көлемін $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндетті орындау үшін белсенді жұмыс істеуге дайын.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы екенін атап өтті. Бұл тұрғыда «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі ерекше маңызға ие.

Осы маршруттың өткізу қабілетін ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау, атап айтқанда, “Тар жерлерді” жою жөніндегі жол картасын бекітіп, оны іске асыру жақын болашақта жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашар еді, — деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, Жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Өз кезегінде Сейед Джавад Садати Нежад Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы табысты өткенін айтты, оның қорытындысы бойынша тараптар көптеген өзара тиімді келісімге келді.

Сонымен қатар Иранның ауыл шаруашылығы министрі сауда және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызы зор екенін атап өтті, сондай-ақ Иран Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, өзге де ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Иранның дипломатиялық топтары мен Парламент өкілдері қатысты.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
12.07.2024 | 14:56
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Все новости