00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде бір жылда пәтерді жалға беру бағасы 70 пайызға дейін қымбаттады

31.03.2023 | 21:45
Айман Нығмет
93

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылы тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергені жайлы мәлімет ұсынды, деп хабарлады Elorda.info 

2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы баға алғаш рет арзандады.

Айлық мәнде (желтоқсаннан қарашаға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді.

Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.

Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.

Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.

Бір жылда қолданыстағы пәтер саудасындағы баға – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 15,6%-ға өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45%-ға артты.

Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%, Ақтауда 26,6%, Семейде 22,3% қымбаттады. Қолданыстағы пәтер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%). Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласында (53,1%) қатты қымбаттады.

Все новости