00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Биыл курьерлер қанша сомаға қызмет көрсетті

31.03.2023 | 21:33
Елорда ақпарат
88

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы курьерлердің жыл басынан қанша теңгеге қызмет көрсеткенін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 51,7 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз.

Ауылды жерлерде осы жылдың 11 айында қызмет көрсету көлемі 2,6 млрд теңгеге жетті.

Курьерлік қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласында байқалды, ол 29,8 млрд теңгеге жеткен. Одан кейінгі тізімде Астана қаласы (5,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (2 млрд теңге). Ең аз қызмет көрсету Ұлытау облысына тиесілі – 92,5 млн теңге.

Все новости