00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда сусын өндірісі 8,9%-ға өсті

31.03.2023 | 20:42
Елорда ақпарат
75

Биылғы 10 айда сусын өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 623 661,5 млн теңгеге жеткен, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл – былтырғыға қарағанда 8,9%-ға артық. 

Деректерге сәйкес, бұл кезеңде 2 019 743,7 мың литр алкогольсіз сусын өндірілген. Жылдық өсім – 8,8 %.

Минералды және газдалған (қантсыз, хош иістендірілмеген) сусын өндірісі – 555 096,3 мың литр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға аз.

Алкоголь зауыттары 49 513,1 мың литр арақ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға артық. Табиғи жүзім шарабының өндірісі де 38,3% өсті – 24 340,4 мың литр.  Бұл ретте сыра өндірісі төмендеді. 10 айда 604 127,9 мың литр, бұл өткен жылмен салыстырғанда  1,8%-ға аз, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, елімізде сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.

Все новости