Аурухана құрылысына неге қаржы бөлінбей отыр – Мәжіліс депутаты екі министрлікті сынға алды
![](/img/articles/uploads/6343fe12038fd931701295_69726ea82d.jpeg)
Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қаржы және Денсаулық сақтау министрліктеріне сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.
Менің Министрге және Қаржы министрлігінің өкіліне сұрағым бар. Бүгінгі күні Қызылорда облысының халқы 20 жылдан бері шешімін таппай отырған онкологиялық аурухана қажеттігін айтып, күрмеуі шешілмеген күрделі мәселемен іссапар барысында толассыз шағымдануда. Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда өңірінің аумақтары экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарына кіреді. Сонымен бірге, тұрғылықты халықтың 30 %-дан астамы тікелей Арал өңірінде және Байқоңыр ғарыш айлағының маңында, ал 20 %-дан астамы уран өндіретін аймақтарда тұрады. Мұндай қолайсыз экологиялық жағдай облыс тұрғындары арасында қатерлі ісіктердің жоғары жиілігін тудырып, соңғы бес жылда облыста қатерлі ісік ауруы 14 %-ға, ал қан қатерлі ісігі (лейкоз, лейкобластоз) 36,5%-ға артып, әсіресе балалар арасында өршіп отыр, - деді Мәжіліс спикері.
Оның атап өтуінше, қазіргі өңірдегі қолданыстағы облыстық онкологиялық орталықтың және көпбейінді қалалық аурухананың инфрақұрылымы құрылыс нормалары мен санитариялық талаптарға сәйкес келмейді.
Нақты айтқанда, дәретханалар саны жеткіліксіз, жуынатын бөлмелер мүлдем қарастырылмаған. Ғимараттардың 85 %-ының тозуы медициналық көмектің толық және қажетті деңгейде көрсетілуіне мүмкіндік бермей отыр. Мәселен, родиологиялық бөлімшенің құрал-жабдықтары жиырма жылдан бері жаңартылмай, тозығы жетіп, гамматерапиялық аппарат 7 рет істен шыққан. Мұның өзі онкологиялық науқастардың мерзімінде жергілікті жерден ем алуына мүмкіндік бермей, басқа қалаларға шектен тыс шығынданып, Шымкент, Астана және Алматы қалаларына баруына мәжбүр етуде, - деді ол.
Айтуынша, халықтың арыздарына облыс әкімдігі «Қызылорда қаласында 100 келушіге арналған емханасы бар 300 орындық көпбейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесі бар) құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 2022 жылғы 14 наурызда мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған деп жауап беруде.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 86-тармағында Қызылорда қаласын қоса алғанда, елімізде 2025 жылға дейін заманауи 20 ірі аурухана салу көзделген. Дегенмен, облыс халқының жан айқайына, жергілікті нысандардың мүшкіл жағдайларына, тіптен, Мемлекет басшысының тапсырмасына, жобалық-сметалық құжаттама мерзімінің ескіру мүмкіндігіне қарамастан, Сыр өңірінде аталған көпбейінді аурухананы салуға Үкіметте қаражат жоқ. Ажар Ғиниятқызы, бұл мәселе қашан шешіледі? Айтыңызшы, Татьяна Михайловна, осы мәселе бойынша Қаржы министрлігі не себептен аурухана құрылысына қаржы бөлмей отыр?! - деді депутат.
![](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)