Астананың салық төлеушілеріне қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ – МКК
![](/img/articles/uploads/6329acefae612131287560_385f4443eb.jpg)
Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес.
Елорда атауын Нұр-Сұлтан қаласынан Астана қаласына өзгерту салық төлеушілердің: жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың және резидент емес заңды тұлғалардың тіркеу құжаттарын өзгертуге әкеп соқпайды. Елорданың бұрынғы атауы бар құжаттар да жарамды болады және мемлекеттік қызметті алу кезінде қолданылады. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке алу үшін банк реквизиттері (БСН, мемлекеттік кірістер органдарының кодтары, ИИК, Қазынашылық комитетінің БИК, БСК, КНП) елорда атауының өзгеруіне байланысты өзгеріссіз, бұрынғыдай қалады, - деп жазды ведомстводан.
Тек мемлекеттік кірістер органдарының атаулары ғана өзгереді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болып өзгереді, сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары Мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы Астана қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары Мемлекеттік кірістер басқармалары болып өзгереді.
Бұл ретте МКД және МКБ атауларын өзгерту салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібіне әсер етпейді. Төлем құжаттарындағы реквизиттерді толтыру кезінде МКД және МКБ атауын қолдап терудің қажеті жоқ. Банктердің мобильді қосымшалары арқылы салықты төлеу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының тізімінен тиісті Мемлекеттік кірістер басқармасын таңдау қажет. МКД және МКБ қайта тіркеуден өткенге дейін азаматтар төлем жасау кезінде тізімнен олардың ескі атауын таңдай алады, - деп түсіндірді комитеттен.
Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерді төлеу бойынша ағымдағы шоттардың реквизиттері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша орналасқан.
![](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)