00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде дәнді дақылдар алаңының шамамен 70% жиналды

31.03.2023 | 17:01
Айман Нығмет
73

Республиканың барлық облыстары бойынша егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 11,3 млн га астық жиналды - бұл жоспардың 69,8 % құрайды, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы осы мерзімде орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын).
Оның ішінде, майлы дақылдар 337,5 мың га алқапта жиналды. Жалпы жоспардың 10% орындалып, 220,6 мың тонна бастырылды. Сондай-ақ 66,5 мың га алқаптағы картоп жиналды, бұл жоспардың 34%. Жиналған өнім 1,4 млн тонна. Бұған қоса 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналды немесе бұл жалпы алаңның 66% құрайды.

Все новости