00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде күзгі орақ науқаны мәресіне жетті

24.02.2023 | 18:29
Елорда ақпарат
111

Жауапты науқан барысында 80,8 мың тонна қарақұмық жиналды. Бұл 2020 жылғы деңгейден 76%-ға көп. Сондай-ақ, қара бидай өткен жылмен салыстырғанда 43%, дәндік жүгері 22,6%, бұршақ дақылдары 1,3%-ға артық жиналды. Тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға, жүгері - 5%-ға артты.

Астық жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын. Құрамында дәнмаңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы «HI-Pro» бидайының үлесі шамамен 60%-ды құрайды.

Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті.

Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Майлы дақылдарды жинау жалғасуда. Бүгіндері аталмыш дақылдың 96,6%-ы жиналса, жалпы 2,3 млн тоннасы бастырылды.

Все новости