00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Ұлттық рухани жаңғырудың» бюджеті 100 миллиард теңгеден асады

24.02.2023 | 17:04
Елорда ақпарат
69

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, бұл – мазмұны жағынан мәні терең әрі ауқымы жоба. Мәселен оны іске асыруға бірден үш министрлік қатысады. Осылайша «Ұлттық рухани жаңғыру» бойынша 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 ірі іс-шара өткізу көзделген.

«Жобаның жалпы бюджеті – 119 миллиард теңге. Бұл ақшаның 110 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 9 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінеді. Әр теңгесі есепте, мамандар егжей-тегжейлі сараптамадан өткізді», - дейді министр.

Сонымен «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы келесі үш бағыт бойынша іске асады:

Бірінші бағыт елдің зияткерлік әлеуетін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды көздейді. Ол бойынша 38 жоба жоспарланған. Оның ішінде халықты кітап оқуға шақыратын «Оқитын ұлт» жобасы бар. Сондай-ақ министрлік қазақ тілінің латын әліпбиін енгізуді жалғастырмақ.

Екінші бағыт бойынша 2025 жылға қарай 13 ірі мәдени іс-шара жоспарланған. Министр 5 жылда 40 анимациялық фильм жасап, кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін кемінде 25 пайызға жеткізетінін айтты.

Үшінші бағытта жастар үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Аида Балаеваның айтуынша, жастардың қолжетімді білім алу, жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесі шешіледі. Мәселен осы бағыт аясында кемінде 800 мың жас тұрғын үй жинақтары жүйесін пайдаланып, барлық бағдарламалар бойынша жас отбасылар үшін берілетін қарыз үлесі 25 пайызға артады.

Все новости