00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Сегіз айда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция 100 млрд теңгеден асып кетті

24.02.2023 | 16:05
Елорда ақпарат
120

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция қаңтар-тамыз айлары аралығында 107,8 миллиард теңгеге жетті. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,5%-ке көп. Мамандардың айтуынша, инвестиция көлемі соңғы бес жылдан бері айтарлықтай өскен.

Бұл қаражаттың тең жартысына жуығы Жамбыл (38,8 миллиард теңге) және Ақтөбе (16 миллиард теңге) облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ, инвестицияның жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан (11,3 миллиард теңге) мен Атырау облысында (10,9 миллиард теңге) байқалды.

Ал ең аз қаржы Алматы мен Түркістан облысына, әрқайсына 0,5 миллиард теңгеден бөлінген.

Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоршаған ортаны қорғауға қанша қаржы бөлінгені бойынша ақпарат жоқ.

 

Все новости