00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Волонтерлер су қоймасының маңын қоқыстан тазартты

05.08.2023 | 11:00
20
Фото: Василий Крась

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп су қоймасының жағалауында тазалық сенбілігін өткізді, деп хабарлады Elorda.info. 

Аталған іс-шараға «Lider», «Асар – Сарыарқа» және «Жақсылық арифметикасы» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері белсене атсалысты. 

Еріктілер қолдарына күрек-тырмалары мен қаптарын алып, су қоймасының жағалауын бойлай жүріп, аяқ астында жатқан әртүрлі қоқыстарды жинастырды. 

капппппппппп.jpg

Кеше өзара ақылдасып, кеңесіп, экологиялық аймақтардың ішінен осы жерді таңдадық.  Өзіміз су ішіп отырған су қоймасының айналасы айнадай таза болғанын қалаймыз, - деді «Жақсылық арифметикасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  Ұлжан Мырзагелдиева.

Оның айтуынша, мұндай сенбіліктерге көктем маусымынан бастап атсалысып келеді. 
«Асар – Сарыарқа» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гузель Бердеш те өздерінің жылына бір рет болса да тазалық акцияларына қатысып тұратындықтарын айтты. 

каппппппппппппппппппп.jpg

Туған жеріміздің табиғаты тұмса күйінде сақталғанын бәріміз де қалаймыз. Келер ұрпаққа таза су, көгалды жер қалса екен дейміз. «Бүкіл тұрғындар өлкеміздің тазалығын сақтаса екен» деген тілекпен осындай бастама көтерудеміз, - деді волонтер.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиа орталығының басшысы Равил Валеев те сенбілік туралы пікірін білдірді. 

каппп.jpg

Біз, ассамблеялықтар, көктем-күзде сенбіліктерден тыс қалмай, бірауыздан қатысамыз. Бірақ бүгінгідей жаздың ыстығында тазалық жұмысымен айналысудың жөні бөлек екен, - деді ол. 

кап.jpg

Ал су қоймасының маңының айналасы біршама жинақы болуына жергілікті тұрғындар да өз үлестерін қосып келеді екен. Олар демалуға келгендердің кейбірі отырған орнын тазаламай кетіп жататынына ренішін білдірді. 

Алдымыздан шыққан балықшылардың бірі: «Судың жағасында тынығып, алайда қоқыс тастап кететіндер бар. Өзіміз арасында тазалық шараларын атқарып тұрамыз», - деді.

Сенбілікке қатысушылар Астаналық су қоймасының маңында 2-3 сағат тазалық жұмыстарын жүргізіп, бірнеше қап қоқыс жинап, айналаны мұнтаздай етті.

Все новости