00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елде жыл сайын 800-ге дейін орман өрттері болады

12.02.2024 | 15:00
59
фото: ашық дереккөз

Мәжілісте орман өрттерінің алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті, деп хабарлады Elorda.info Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға вице-спикер Альберт Рау жетекшілік етті. Ол жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағында 650-ден 800-ге дейін өрт оқиғасы тіркелетінін айтты.  Соңғы 5 жылда олардың саны 3200-ден асып, 610 мың гектар алқап өртке оранған. Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органдардың қандай жұмыстар атқарып жатқанын тыңдады.

Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі» жобасы әзірленді. Өрттер 30 шақырымға дейін айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Бұл жүйені «Бурабай» ұлттық саябағына енгізу өз тиімділігін көрсетті. Егер бұрын мұнда орман өртінің орташа ауданы 80 гектар болса, жүйе енгізілгеннен кейін аумақ 1,5 гектарға дейін қысқарды, – деді жиынға қатысқан Эколлогия және табиғи песурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Экология және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин Үкімет сағатына дайындық барысында бір топ депутат орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің жұмысымен танысқанын айтты. Бірақ ол барлық орманда іске қосылмағанын атап өтті. Биыл жүйені «Семей орманы» аумағында орнату жоспарланып отыр. Депутат жаңа Үкімет бұл мәселеге қолдау білдіріп, тиісті министрліктер мен әкімдіктер осындай жүйені өңірлерде енгізу үшін барлық мүмкіндікті қарастыруы керектігін баса айтты.

Отырыс барысында депутаттар шешімін таппаған басқа да мәселелерге тоқталды. Альберт Рау Экология және табиғат пайдалану комитеті аптаның соңына дейін орман өрттерінің алдын алу және онымен күресу бойынша ұсыныстарды жинақтап, Үкіметке жіберетінін айтты.

Все новости