00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады

30.10.2023 | 14:00
49
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жаңа институт құрылады, деп хабарлады Elorda.info  Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мекеме Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты деп аталмақ. Министрлік тиісті қаулы жобасын әзірлеп қойған.

Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.

Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады", - деп жазылған құжатта.

Алынған мәлімет мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Все новости