00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елімізде жарты жылда түрлі табиғи апаттардан үш жүзден аса адам қаза болған

16.07.2023 | 16:00
48
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі 2023 жылғы 6 айдағы республика аумағында орын алған төтенше жағдайлар туралы есебін жариялады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның сайтына сілтеме жасап. 

Министрлікьің есебінше 1 қаңтардан бері елде 6 200 (+7,3%, 2022ж. - 5 779) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген. Олардың салдарынан 858 (-13,3%, 2022ж. - 990) адам зардап шеккен, соның ішінде 316 (-8,4%, 2022ж. - 345) адам қаза болды, материалдық нұқсан 2 584,85 млн. теңгені (+3,8%, 2022ж. - 2 489,48 млн. тг) құраған.

Сонымен қатар арнайы тексерулер кезінде жетіпіс мыңға жуық заң бұзушылық анықталып, мыңнан аса лауазымды тұлғаға елу жеті миллион теңгеден аса айыппұл салынған.  

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер мен өрттер кезінде бұзушылықтар болған жағдайларда ғана жалғасады. Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 8 201 тексеру жүргізілді, 69 365 рет бұзушылық анықталды, 7 124 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 266 лауазымды тұлғаға 57,4 млн. теңге айыппұл салынды,-деп жазылған министрліктің есебінде. 

Все новости