00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

2030 жылға дейін коммуналдық қалдықтарды өңдеу 40%-ға жетуге тиіс – министр

05.02.2024 | 14:24
38

Қазақстанда жылына 4,5 млн тоннаға жуық коммуналдық қалдық жиналады. Оның басым бөлігі бөлек жинаудың барлық жерде болмауына, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі қуаттардың жеткіліксіздігіне байланысты полигондарда көміледі. 

Министрдің айтуынша, еліміздің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару 100%-ға дейін, ал оларды қайта өңдеу 40%-ға дейін жеткізілуі керек. 

Өңірлердегі қалдықтарды басқару жағдайын жақсарту мақсатында әкімдіктерге коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функция жүктелген. Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, елімізде 130 елді мекенде әртүрлі кезеңдерде қалдықтарда бөлек жинау, 103 елді мекенде сұрыптау ұйымдастырылған.

2023 жылы республика бойынша ҚТҚ полигондарының саны 3 016 бірлікті құрады, оның ішінде экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкесі бар-жоғы – 624, яғни 20,6%. Әкімдіктер және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп шағын және шалғайдағы елді мекендерде ҚТҚ полигондарын ресімдеу жөніндегі тетік пысықталуда, атап айтқанда, осы орындарға қойылатын міндетті ең төменгі экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс талаптары талқылануда, – деді Е.Нысанбаев.

Қазіргі кезде осы салада инфрақұрылымды дамыту үшін жер учаскелерін беру, инфрақұрылымды қосу, іс-шаралар мен экономикалық құралдарды әзірлеу, экологиялық проблемаларды шешуге эмиссиялық төлемдерді пайдалану, бизнес субъектілеріне артықшылық беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу үшін әкімдіктердің қажетті құзыреттері бар.

Все новости