00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Тоқаев министрге табиғи ресурстарды сақтауды тапсырды

06.09.2023 | 06:00
3
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экологиялық заңнаманы жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Президент Ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асырылуын, сондай-ақ осы нысандардағы шығарындыларға мониторинг жасау үшін автоматтандырылған жүйе енгізу ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру және ретсіз пайда болған қоқыс полигондары мәселесін шешудің кешенді тәсілдерін әзірлеу маңызды екеніне назар аударды.

Все новости