00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Тұран жолбарысын жерсіндіру үшін Балқашқа 51 құлан жіберіледі

28.08.2023 | 15:00
24
Фото: © Sputnik / Анатолий Устиненко

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алдағы екі жылға арналған бюджет жобасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

«Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдай жасау және Ұлытау таулы алқабының табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға жәрдем көрсету» деп аталатын бюджет бағдарламасының аясында Балқаш маңынан жойылып кеткен Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру көзделіп отыр.

«Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі - құланды «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында қайта жерсіндіру. Осылайша 2024 жылы - 17, 2025 жылы - 17, 2026 жылы - 17 құлан жіберіледі», - деп жазылған бағдарлама жобасында.

Құжаттан 2022 жылы аталмыш қорыққа 13 құланның жіберілгенін көруге болады.

Бюджеттік бағдарлама аясында жобаға грант есебінен 2024 жылы - 159 млн 800 мың теңге, 2025 жылы - 80 млн 110 мың теңге, 2026 жылы - 80 млн теңге қарастырылған.

Сондай-ақ грантты бірлесіп қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 2024 жылы - 383 млн 10 мың теңге, 2025 жылы - 329 млн 566 мың теңге, 2026 жылы - 129 млн 581 мың теңге жұмсалмақ.

Все новости