00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Сарыарқа ауданы аумағынан 26 заңсыз қоқыс орны анықталды

01.10.2023 | 10:30
35
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданы аумағынан 15 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ рұқсат етілмеген 26 қоқыс орны анықталып, оның 25-і жойылды.

Стихиялық қоқыс орындарын жою үшін құзырлы орын күн сайын экологиялық полициямен бірлесіп мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, бұл мәселеде тұрғындардың әлеуметтік желілердегі сұраныстары мен "Ғарыш сапары"суреттерінің зор көмегі бар. Ал рұқсатсыз қоқыс төгушілер жергілікті нүктелерге орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен анықталады.

Айта кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін Алаш тас жолының бойында орналасқан экополигонға   ғана шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Все новости