00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Үкіметте қоқысты жою шаралары талқыланды

26.09.2023 | 09:00
7
Фото: ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өздігінен жиналған қоқыстарды жою шаралары талқыланды, деп хабарлады Elorda.info

 Үкіметте өткен  отырыста  Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өткен жылдың қорытындысына сәйкес ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған өздігінен жиналған қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылғанын баяндады. Оның айтуынша, қоқыс орындарының ең көп саны Ақмола облысы бойынша – 830 (оның 88%-ы жойылды) және Қарағанды облысында – 745 (оның 99%-ы жойылды). Қоқыс орындарын жою жұмыстары Абай (10%), Ұлытау (15%) облыстарында және Астана (52%) қаласында нашар жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның небары 50%-ы жойылды. Қоқыстарды жою жұмыстарының төмен көрсеткіштері Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20% және Астанада – 30% тіркелді.

Заңсыз қалдықтарды тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында ведомствоаралық мобильді топтар арнайы рейдтер жүргізілген. Осындай рейд кезінде жыл басынан бері  63 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 

Премьер-Министр Маңғыстау облысында рұқсат етілмеген үйінділерді жоюдың ең төмен көрсеткіші байқалғанын атап өтті. Бұл көрсеткіште антирейтинг бойынша да Абай облысы көш бастап тұр. Өңір әкімдері Нұрлан Ноғаев пен Нұрлан Ұранхаев аталғ,ан кемшілкке қатысты түсініктеме берді.

Отырыста елорда әкімі Жеңіс Қасымбек те баяндама жасады.

Үкімет басшысы атап өткендей, қалдықтардың жинақталып қалуы және өздігенен жиналатын қоқыстардың пайда болуы өзекті экологиялық проблемалардың біріне айналып отыр.

Жағдайды жақсарту үшін әлемнің көптеген елдері қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату жұмыстарын жүргізіп келеді.

алимош.jpg

«Тиісті инфрақұрылым жасалып, халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан. Бұл Еуропа елдеріне қалдықтарды өңдеу көрсеткішін 50%-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Швеция елі тұрмыстық қалдықтардың 99%-ын қайта өңдеп, пайдаға жаратып отыр. Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, мыңдаған қоқыс полигондары жағдайды қиындатып отыр. Жалпы әкімдіктер оларды жою үшін қомақты бюджет қаражатын бөледі. Қалдықтарды заңсыз тасымалдау және жинақтау фактілерін анықтауға арналған рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Сонымен қатар Премьер-Министр қалдықтарды басқару саласында атқарылып жатқан шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті. Ол қазіргі заманғы қоқыс өңдеу зауыттарын іске қосу жоспарлары әлі іске асырылмағанын және ауылдардағы жағдай бұдан да күрделі екенін айтты.

«Осы жылдың наурыз – қыркүйек аралығында ғана 5,5 мың рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс орындары табылды. Бұл ретте, әкімшілік айыппұл салу жағдайды жақсартпай отыр. Яғни, қоқысты полигонға апарып тастағаннан гөрі, айыппұл төлей салған тиімді болып тұр. Мұндай тәсілді өзгерту керек. Қалдықтармен жұмыс істеудің және оны кәдеге жаратудың нақты жүйесін қалыптастыру қажет», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Все новости