00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық 500-ге жуық ерікті эко-акцияға қатысты

05.06.2023 | 13:30
16
Фото: автордан

Бүгін Астана қаласы аумағынан тысқары, «Астана-Павлодар» автомобиль жолы трассасы бағытында орналасқан елордадағы жалғыз полигонда экологиялық акция өтті, деп хабарлады Elorda.info

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізілген іс-шараны Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану және Жастар саясаты жөніндегі басқармалардың қолдауымен «Студенттер мен жастардың құрылыс отрядтары республикалық қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Тазалық акциясы болатын аумаққа үш автобус тоқтап, 500-дей «жасылелдік» келіп түсті.

таза.jpg

Оларға полигон қызметкерлері мен жастар отрядтарының жетекшілері бағыт-бағдар беріп отырды. Бірыңғай арнайы бас киім, жейде киген жасылелдіктер «Эко полигон» мекемесі дайындаған қапшықтарды қолдарына алып, айналадағы шашылған қоқыстарды жинастыра бастады. 

тазал.jpg

Бұл акция, негізінен, 5 маусым – Экологтар күніне арналған. Яғни, экологиямызға көңіл бөлетін күн. Ал бұл - бізде ең соңғы кезекте тұратын проблема. Көп адам қоршаған ортаның тазалығына мән бермейді. Иә, олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау керек екенін түсінеді, біледі. Бірақ уақыттарын бөлгісі келмейді. Ең аяғы тұрмыстық қалдықтарды үйінен шығарғанда екіге бөліп, контейнерге салуға да ерінеді. Содан келіп «зауыт жұмыс істемейді, полигон жұмыс істемейді» деп айтады. Бірақ бұл дұрыс емес қой. Әрбір адам үлес қоспай, біздің қадамымыз алға баспайды. Мысалы, полигондағы 60 адам, зауыттағы 100 адам не бітіреді? Соның өзінде тырысып, істеп жатыр. Міне, сондықтан ұйымдастырылып отырған акцияның маңызы зор, - деді акция туралы «Эко полигон» мекемесінің экологі Қаламқас Кулимбаева.    

тазалы.jpg

Ал Теміржол колледжінің студенттері Нұрдәулет Рысқұлбеков пен Бақдәулет Рысқұлбектердің айтуынша, «Жасыл ел» жастар жобасының құрамында 100 мектептей бар. Олар мамыр, маусым айларында қала аумағындағы арнайы жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізіп, тиісті еңбекақысын алады. Бүгін де, міне, жаппай полигон аумағына келіп, акцияға атсалысып отырғандарын айтты. 

тазалық.jpg

Все новости