00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Экологиялық қылмыс 40 пайызға азайды

25.09.2023 | 16:00
13
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан табиғатты қорғау бойынша БҰҰ көтерген 10 бастаманың біріне кіреді. «Алтын Дала» экологиялық бастамасы осыдан 16 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда дала ақбөкендері жойылып кетудің алдында тұрған кезде басталды, деп хабарлады Elorda info

Сол кезде бұл жануарлардың саны бар болғаны 50 мың болған. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Елімізде дүние жүзіндегі ақбөкен популяциясының 90%-ы шоғырланған. Қазақстандағы барлық ақбөкендер мекендеу ортасына қарай шартты түрде үш популяцияға бөлінеді. Ең көп Орал популяциясы Батыс Қазақстанда, Ресейге де кіріп тұрады. Бетпақдала популяциясы Орталық Қазақстанда, Үстірт популяциясы Үстірт аумағын және Өзбекстанды мекен етеді. Моңғолияда да аздаған ақбөкен бар.

Әдетте, ақбөкен аулаған қылмыскерлер ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабының бірі бойынша сотталады: «Заңсыз аң аулау» (337-бап) және «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз айналысу» (339-бап). Бұл заң бұзушылықтар – экологиялық қылмыс болып саналады.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, соңғы бірнеше жылда мұндай қылмыстық істердің жалпы саны 42,6% азайған. Егер 2017 жылы 434 құқық бұзушылық тіркелсе, былтыр жыл соңында 249 болды. Браконьерлерге қатысты қылмыстық істердің саны төрттен бір есеге — 135-тен 101-ге қысқарды.

БҰҰ табиғатты қорғауда Қазақстанды ерекше атап өткенде ақбөкен саны 1,3 млн болған. Ал биылғы көктемгі әуе санағы нәтижелері бойынша сәуір айының соңында Қазақстандағы ақбөкен популяциясы 1,9 млн-ға жетті.

Все новости