00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Атырауда балық қырылып жатыр

08.07.2023 | 18:01
16
Фото: AtyrauPress

Атырау облысы Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.  

Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, 7 шілдеде сағат 23.00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат түскен. 

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы мүмкін деген болжамды орынға шықты», - делінген хабарламада.

Все новости