00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ақмола облысында ағаштарға зиянкестер нұқсан келтіріп жатыр

26.06.2023 | 21:00
8
Фото: sinegor.kz

Ақмола облысы Сандықтау ауданының тұрғындары жергілікті ормандағы жағдайға алаңдайды, деп хабарлады Elorda.info. Бұл жөнінде sinegor.kz Instagram-дағы парақшасында мәлімдеген. 

Олардың айтуынша, зиянкестер ағаштарға нұқсан келтіруде. Одан соң тал-терек қурап қалып жатыр. Тұрғындар бұл экологияға орны толмас апат әкеледі деп болжауда. 

-Сәлеметсіздер ме? Сіздерге ертеңгі күні ұлғайып кетуі мүмкін мәселе туралы айтпақпыз. Біз Ақмола облысы Сандықтау ауданында тұрамыз. Айналамыз орман. Сол ормандағы аққайыңдарда жібек құрты қаптап жүр. Бұлар ағаштың жапырағын түгелдей кеміріп жатыр. Ағаштар қыстыгүнгідей жалаңаш қалды. Егер бұған дер шағында назар аудармаса, құрғақ, ыссы ауа райында зиянкестер одан сайын көбейе бермек. Сол себепті мұны көпшілік көрер, бір амалын табар деген үмітпен жариялап отырмыз, - деді олар.    

Жазбада бұл  мәселеге «@dsek._akmola облыстық санитарлық қызметі назар аударса» деген жазба да қалдырылыпты. 

Все новости