00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Арал теңізінің деңгейі 48 сантиметрге көтерілген

31.03.2023 | 23:52
Елорда ақпарат
13

Арал теңізінің деңгейі жарты метрге жуық көтерілді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы облыс әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазылды.  

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов хабарлағандай, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын. 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48см дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілді.

Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн м3 су түссе, биыл 2 айдың өзінде 803 млн м3 түсті.

Все новости