00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордаға іргелес 2 ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынады

31.03.2023 | 21:02
Айман Нығмет
7

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Биыл Астанаға іргелес Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарында 422 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды. Олардың 387-сі бүгінгі таңда кәдеге жаратылды. Бұл 89 пайызды құрайды. Қалған 35 полигонды жою келесі жылға жоспарланған. Рұқсатсыз полигондардың пайда болуына экологиялық заңнаманы сақтамаудың бірқатар факторлары әсер етеді. Өңірлерде қалдықтарды басқару бойынша тиісті инфрақұрылым жоқ, полигондар санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда Ақмола облысының астаналық аумағында экологиялық нормалар мен санитарлық талаптарға сәйкес полигондар жоқ. Осы мәселені шешу үшін «Ақмола облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі» жол картасы әзірленді. Жол картасы аясында елордаға іргелес Целиноград, Аршалы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған екі полигон салу жоспарланған және осы жылы техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген, - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, аталған іс-шараларды одан әрі іске асыру мақсатында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында экологиялық және мемлекеттік сараптамадан өткізу, одан әрі екінші жартыжылдықта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыру 2024 жылға көзделіп отыр.

Жобаларды аяқтау қорытындысы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны азаяды деп күтілуде. Жоғарыда айтылғанмен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа Экологиялық кодекс аясында қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарға лицензиялар беру бойынша шаралар қолданды, қоқыс таситын кәсіпорындардың тізбесін жасады және қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұлдарды өсірді, - деді Әлихан Смайылов.

Все новости