00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада атмосфераға шығарын көлемі 27 пайызға төмендеді

25.02.2023 | 14:21
Айман Нығмет
10

Нұр-сұлтан қаласында бірінші жартыжылдықта атмосфералық ауаны ластайтын шығарындылар көлемі 34 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға аз. Оның ішінде ЖЭО мен қазандықтардың үлесіне 58%, өндірістік объектілерге 41% тиесілі. Қала бойынша Жол картасында 13 іс-шара қарастырылған, оның 6-ы орындалды. Атап айтқанда, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 табиғи газға көшіріліп, су жылыту қазандықтары іске қосылды. Бірінші кезектегі жеке меншік секторды газдандыру жұмыстары аяқталды. Газдандыру 2023 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда. Алдын ала деректер бойынша шығарындылар 23 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін немесе 74%-ға төмендеуі күтілуде. Қыс мезгілінде бұл қатты отынды пайдаланатын жеке сектордың басты мәселесі екенін білеміз, - деді З.Жолдасов.

Все новости