00:00
Астана -10oC
USD:
474.62
EUR:
517.19
RUB:
5.39
Поиск

Киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

25.02.2023 | 11:15
Елорда ақпарат
16

Бұған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты. 

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады.

Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталмыш жұмыс басталып кетті және министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен, жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізілетін болады, - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Все новости