00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елдегі суару жүйесінің нашарлығынан қанша пайыз су босқа кетеді

25.02.2023 | 11:04
Айман Нығмет
10

Energyprom.kz cарапшыларының мәліметінше, елдегі суару жүйесіндегі су құбырлары кеңес дәуірінен бері жөндеуден өтпеген. Оның нашар жағдайына байланысты каналдар арқылы ағып жатқан су егістіктер мен көкөніс бақтарына жетпей буланып немесе кеуіп кетеді. Егістік маусымы басталысымен Қазақстанның оңтүстік аймақтарында суармалы су мәселесі туындайды.  

Соңғы екі онжылдықта Қазақстанда тасымалдау кезінде судың шығыны 11%-16 пайыз шегінде болды. Су жоғалту бойынша көшбасшылықты өте құрғақ және ыстық Қызылорда облысы тұр. Үштікке тағы екі оңтүстік өңір — Алматы және Жамбыл облыстары кірді.

Айта кетейік, Қазақстандағы су ысырабының деңгейі ең дағдарысты деңгей емес екенін атап өткен жөн. Орталық Азияның су мұнарасы деп аталатын көрші Қырғызстандағы шығындары біздің елдің көрсеткіштерінен бірден екі есе асады. Ел жыл сайын орта есеппен алынған судың төрттен бір бөлігін жоғалтады.

 

Все новости