00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорданың қай көшесінде ауа ластанды

25.02.2023 | 11:01
Айман Нығмет
12

Анықтамада еліміз бойынша ауаны ластаушы заттардың асып кету жағдайы қай қалаларда анықталғаны жазылған.  Нұр-Сұлтан қаласында шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 888 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы, Дулат Бабатайұлы көшесі аймағында ластанған.

Өзге қалалар тізімі келесідей:

Балқаш, Қызылорда,  Петропавл және Теміртау қалаларда бірде-бір МӨП-де ластаушы заттардың ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

Қарағанды – шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 336 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).

Алматы -  шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 23 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Алатау ауданы неғұрлым ластанған.

Атырау –  шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 2 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Жұлдыз шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Жезқазған – шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 233 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі ауданында барынша ластанды.

Өскемен –  шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 36 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Серикбаев  көшесі ауданында барынша ластанды.

Ақтөбе -  шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 90 жағдайы тіркелді. Жанқожа батыр көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Шымкент-  шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 5 жағдайы тіркелді. Самал-3 шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Павлодар – шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 8 жағдайы тіркелді. Торайғыров-Дүйсенова көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

 

Все новости