00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде баламалы энергия өндіру бір жылда 15 пайызға өсті

25.02.2023 | 10:13
Айман Нығмет
17

Finprom.kz мәліметі бойынша, белгіленген қуаттың көп бөлігі күн электр станцияларына тиесілі. Одан кейін жел және биоэлектр станцияларының үлесі бар.

Күн электр станциялары ЖЭК арасында ең жоғары белгіленген қуатқа ие болғанына қарамастан, ҚР-да электр энергиясының басым бөлігін іс жүзінде жел электр станциялары өндірді: шамамен 545 млн кВт·сағ. Сонымен қатар күн электр станциялары 278 млн кВт·сағ. өндірді.

Біздің еліміз рейтингке қатысушы 44 елдің ішінде 33-ші орынға шықты. ЖЭК үлесі (гидроэнергияны қоса алғанда) біздің республикада электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 11,7 пайызын  құрады.

Үздік үштікке Норвегия (98,4%), Бразилия (84,1%) және Жаңа Зеландия (80%) кірді.

ТМД елдері арасында рейтингте Қазақстаннан Жоғары Ресей 20,3%, Өзбекстан (10,3%) және Украина (8,4%) төмен болды. ТМД бойынша орташа көрсеткіш 19,6%-ды құрады.

Все новости