Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды
![](/img/watch-gray.png)
![Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды](/img/articles/27f2b5417070c5cdd18bbd9638963948.jpeg)
Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.
Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.
Атырау облысында Жайық өзеніне мониторинг жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
![](/img/articles/f3249c5ed22a3dd8ce15bc8926adf7bb.jpeg)
![](/img/articles/9e59c314a95d4d5f02904784d3052305.jpg)
![](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![Елорда күніне орай «Тарих таңдаған Астана!» көрмесі өтеді](/img/articles/f3249c5ed22a3dd8ce15bc8926adf7bb.jpeg)
![130 мыңнан аса қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды](/img/articles/9e59c314a95d4d5f02904784d3052305.jpg)
![ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![ШЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай мүмкіндіктерге ие](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![Мемлекет басшысы: Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз](/img/articles/4145958c13c690964eceb5aac0b40b82.jpg)
![Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт қажет – Президент](/img/articles/929c92c1d576f308159bfee2ed013d8b.jpg)
![Қазақстан мен Қытай білім саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады](/img/articles/eac018088433e61bc838a4c3877f5c32.jpeg)
![Әнші Индира Расылхан хиджабы үшін көптің сынына қалды](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)