00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда күніне орай «Тарих таңдаған Астана!» көрмесі өтеді

04.07.2024 | 15:04
Сабина Кәкімжан
135
Елорда күніне орай «Тарих таңдаған Астана!» көрмесі өтеді
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Бас қала күнін мерекелеу аясында елорда тарихына арналған «Тарих таңдаған Астана!» көрмесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info  қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Революцияға дейінгі кезеңдегі қала көріністері – алғашқы сауда үйлері, азаматтық ғимараттар, қала көшелері ұсынылған. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы Ақмола уезінің қала ретінде қалыптасуы және негізгі сауда орталығы ретінде қалыптасуымен тұспа-тұс келеді.

Фототілшілердің жеке архив қорынан алынған Целиноград қаласының негізгі құрылыс алаңдары мен көріністері бейнеленген.

Елорданың қалыптасуының қазіргі кезеңі Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірумен және негізгі тарихи құжаттар – ел астанасын көшіру туралы ҚР Президентінің Жарлығымен және Ақмола қаласының атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы құнды құжаттар ұсынылған. Жаңа астананың құрылыс кезеңдері мен тәуелсіз Қазақстан дәуірін сипаттайтын құнды фотосуреттер де бар.

Іс-шара 5 шілде күні сағат 11.00-де «Астана-Бәйтерек» монументінің алаңында өткізіледі.

Все новости