00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

130 мыңнан аса қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды

130 мыңнан аса қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды
фото:Pexels

Туризм және спорт министрлігі 132 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.

Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады.

Қызметті қосу үшін телефоныңызға eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек. Берілген өтінішті кері қайтарып алу құқығы қарастырылмаған. Керісінше, өзін-өзі шектеуді ұзартуға болады.

Все новости