Ұлу жылы туралы не білеміз?
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
Шығыс жылнамасына сәйкес биылғы жылдың иесі – ұлу. Дегенмен әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар. Осы уақытқа дейін Ұлу жылы қандай жыл болғанын білу үшін Elorda.info тілшісі этнограф Болат Бопайдың пікірін білді.
Қазақ қашан да кірген жылын, көрген түсін, істегін ісін жақсылыққа жориды. Жалпы осы уақытқа дейінгі ұлу жылын жаман болды деп айта алмаймыз. Ұлу дымқыл, сулы жерде өмір сүреді және асықпай жүретін жәңдік болғандықтан мұндай жылды сабырлы болады деп те айтып жатады. Ұлу жылдары егін бітік шығып, шөп көп болатын. Қыс та жайлы, жылы болады деп болжайды. Ұлу көбейген кезде бақытты әрі халыққа пайдалы жыл болады. Қазақтар бұл жылы той көп болып, өлім-жітім аз болады деп болжаған. Сондықтан да ұлу жылын ұлы жыл деп те атайды,- дейді Болат Бопай.
Сонымен қатар, этнограф Ұлу жылын айдаһарға теңеп, халық арасында түрлі пікір қалыптасқанын айтып өтті.
Қытайда бұл жылды «лұн» деп атайды, яғни айдаһар жылы деп қарайды. Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде болсын, безендірілген қоғамдық орындарда ұлу деген қасқырдың ұлуы деп қасқырдың суретін, енді бірі айдаһардың суретін қойып жатты. Бұл дұрыс емес іс-әрекет. Ұлу жылын айдаһар деп айтуға болмайды. Біздің тарихымызда ол басқа да жыл атаулары сияқты ұлу деп қалыптасқан. Кез келген нәрсенің барлығын жаңашылдыққа салып, өзгерте беруге болмайды,- дейді ол.
Осы орайда оқырмандарға ұлулар туралы қызықты деректерді келтіре кетсек:
Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ал бір-бірімен жанасу арқылы байланысады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.
- Қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;
- бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;
- ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;
- өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;
- ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;
- тістерінің саны кез-келген акуладан көп;
- өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады;
- ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 кг, ал ұзындығы – 30 см дейін жетеді.
![](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![](/img/articles/cf780b900f3c9b2b6c4105e103dc10df.jpeg)
![](/img/articles/e49725d8f6445c31f4a4a9970a7e00fa.jpeg)
![](/img/articles/00e4914e739c5a76977ef74352494b4c.jpg)
![Egov емханаға тіркелу қызметін жаңартты](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![Үкіметте халықаралық «IBO-2024» олимпиадасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды](/img/articles/cf780b900f3c9b2b6c4105e103dc10df.jpeg)
![Жұлдыз Әбдікәрімова: Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын](/img/articles/e49725d8f6445c31f4a4a9970a7e00fa.jpeg)
![Астанада «Жасыл ел» жасақтары Республикалық бас мешіт аумағын тазалады](/img/articles/00e4914e739c5a76977ef74352494b4c.jpg)
![Елордалық полицейлер жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдіктіні ұстады](/img/articles/0008e990a777ec1dc1fc8d8fc60feffe.jpeg)
![Президент Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын тағайындады](/img/articles/cc6a3f6c13f1a1058028c57f1445850c.webp)
![Табиғатты ластаған павлодарлықтар жазаланды](/img/articles/af5b300d8e0a8f49c49507372069e828.jpg)
![Елде «Олимпиада күні туылған» акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/9b2789bae3e8e501f349ea47dcca209e.jpg)
![Балжан Бидаш: Отбасылы кезімде депрессияда болдым](/img/articles/9ca71b0f6979ae3046b3239ad763103d.webp)
![Жоғарғы Сот төрағасы сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады](/img/articles/067e6f2aec365ea0e2411aefd68dce9a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)