00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

04.07.2024 | 10:24
Сабина Кәкімжан
142
Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Астанада өтіп жатқан  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) маңызды халықаралық саммитіне әртүрлі елдердің мемлекет және үкімет басшылары жиналды, деп хабарлады Elorda.info.

Жоғары лауазымды қонақтардың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке құрамы Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қала көшелерінде тәулік бойы кезекшілік атқарады. Бұл міндет тәртіп сақшыларына жоғары жауапкершілік жүктейді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету — біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Бұл саммит — мемлекеттік маңызы бар іс-шара. Біз күш-қуатымызды аямай, өзімізге жүктелген міндеттерді тыңғылықты орындау үстіндеміз. Осындай ауқымды да тарихи іс-шарада қызмет ету біз үшін мәртебе әрі жауапты міндет, - дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы жауынгерлік қызмет бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Серік Нарымбеков.

Ұландықтар күндіз-түні кезекшілік етіп, қаланың негізгі аудандары мен іс-шаралар өтетін орындарды күзетуде.  Қазіргі уақытта елордалық бес ауданда қоғамдық тәртіпті қорғау қызметіне екі ауысымда Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау және Теміртау қалаларынан 1000-нан астам Ұлттық ұлан әскери қызметшісі  жұмылдырылған.

Бірінші ауысымдағы қызмет сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін 40 жаяу патрульдеу бағыттарында жүзеге асырылады. Оның ішінде дербес-26, полиция қызметкерлерімен бірлескен-14 және 2 автокөлік бағыты бар. Екінші ауысымдағы қызметке сағат 18:00-ден түн ортасына дейін патрульдеудің 220 жаяу бағыты қойылады. Оның ішінде дербес – 266, полицейлермен бірлескен-14, сондай-ақ 13 автокөлік бағыты қарастырылған, - деп жазылған хабарламада.

Все новости