00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Көкшетауда ХҚКО мамандары шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген

23.02.2024 | 03:34
108
Фото: дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мәліметінше, екі адам бұрын «Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-да жұмыс істеген азаматпен алдын ала сөз байласып, шетелден келген көліктерді тіркеуге қойған. Ол үшін жалған төлем құжаттарын қолданылғаны анықталды. 

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады, - деді ҚМА. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Все новости