00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Тәжен» кеден бекетінде шетелдік азамат есірткімен ұсталды

04.07.2024 | 16:57
Торғын Аман
115
«Тәжен» кеден бекетінде шетелдік азамат есірткімен ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының «Тәжен» кеден бекетінде есірткі затын тасымалдамақ болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Маңғыстау облысының «Тәжен» кеден бекетінде кедендік тексеру барысында «ТТСГ» шекаралық наряды Мәскеу  - Динау қаласы бағытына сапар шекпек болған жолаушыны тоқттады.

«Өзбекстан Республикасы азаматының қалтасынан есіркі заты табылды. Қазіргі уақытта іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 2024 жылдың басынан бастап «Тәжен» кеден бекетінде 7 кеден заңнамасын бұзу фактіс анықталып, 169 әкімшілік істер қаралды. 4,9 млн. теңгеден астам айыппұлдар өндірілді.

Все новости