00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде әлеуметтік желілердегі 3 мыңнан астам жалған ақпарат анықталды

06.11.2023 | 16:00
141
Фото: ашық дереккөз

Жалған ақпаратпен күресу үшін құрылған Stopfake сайты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған 3 мыңнан астам жалған ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлады  Elorda.info

Тек жыл басынан бері 760 басылымның дұрыстығы тексерілді. Жалғандыққа жиі себеп болған тақырыптарды талдау барысында олардың көпшілігі вакцинацияға, коронавирустық пандемияға, қастандық жасау, 5G байланыс форматына және интернет-технологияларға арналғаны белгілі болды, - делінген ведомствалық хабарламада

Сонымен қатар, сайтта сарапшылармен сұхбаттар, желідегі алаяқтардың құрбанына айналмау туралы түсіндірме материалдар және жалған жаңалықтарды тануға қатысты нұсқаулар жарияланады.

айта кетейік, әлеуметтік желілерде немесе БАҚ-та жарияланған кез келген ақпараттық хабарламаның сенімділігіне күмән болған жағдайда, оны Stopfake.kz сайтынан тексеріп көруге болады.

Все новости