Бозымбаев БҚО-дағы су тасқынына қарсы бірқатар тапсырма берді
![](/img/watch-gray.png)
![Бозымбаев БҚО-дағы су тасқынына қарсы бірқатар тапсырма берді](/img/articles/7479f0f76c0fc295f12a9574bd1f8292.jpg)
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысы аумағын әуеден қарау барысында ТЖМ-ге су тасқынының шарықтау шегінен өткен аудандардан жеке құрам мен техниканы Атырау облысының шекарасына дейінгі Жайық өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерге көшіруді тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта Орынбордан Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданының Озерное, Рубежинское және Январцево ауылдарында судың келуі төмендеп келеді.
Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.
Десе де Оралдағы жағдай әлі де күрделі. Қауіп сейілгенше қалада ТЖМ мен Қорғаныс министрлігіне қарасты 6 мыңнан астам адам болады, оның ішінде еліміздің өзге өңірлерінен келгендер де бар. Тағы 200 әскери қызметкер келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің маңғыстаулық 100 қызметкері үш ауысымда Шаған өзенінің бойындағы Мичурино ауылының айналасын нығайтып жатыр. Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан келген ондаған сарбаздар мен құтқарушылар басқа ықшам аудандарда бөгет салуда.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынына қарсы шараларға атсалысқандардың барлығына алғысын білдіріп, көмекке келгендерге барлық қажетті жағдайды жасауды тапсырды.
![](/img/articles/f3249c5ed22a3dd8ce15bc8926adf7bb.jpeg)
![](/img/articles/9e59c314a95d4d5f02904784d3052305.jpg)
![](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![Елорда күніне орай «Тарих таңдаған Астана!» көрмесі өтеді](/img/articles/f3249c5ed22a3dd8ce15bc8926adf7bb.jpeg)
![130 мыңнан аса қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды](/img/articles/9e59c314a95d4d5f02904784d3052305.jpg)
![ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![ШЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай мүмкіндіктерге ие](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![Мемлекет басшысы: Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз](/img/articles/4145958c13c690964eceb5aac0b40b82.jpg)
![Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт қажет – Президент](/img/articles/929c92c1d576f308159bfee2ed013d8b.jpg)
![Қазақстан мен Қытай білім саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады](/img/articles/eac018088433e61bc838a4c3877f5c32.jpeg)
![Әнші Индира Расылхан хиджабы үшін көптің сынына қалды](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)