00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Бозымбаев Атыраудың су тасқынының шарықтау шегіне дайындығын тексерді

13.05.2024 | 08:41
140
Бозымбаев Атыраудың су тасқынының шарықтау шегіне дайындығын тексерді
фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау қаласындағы су тасқынына қарсы құрылыстарды тексеріп, екі су арнасының жұмысымен танысты. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Тексерілген алғашқы нысан 32 шақырымға созылған «Соколок» арнасы болды, ол Жайық өзенінің үлкен су ағысын Атырауға қарай бағыттауға арналған. «Соколок» қаланы айналып өтіп, Жайық пен Каспий теңізін қосады және секундына 100 текше метр су қабылдай алады. Сондай-ақ вице-премьер ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа арнаның жұмысын тексерді.

Бұдан әрі Қанат Бозымбаев тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған қаладағы қауіпті учаскелерге барды. Атырауды қорғайтын бөгеттердің жалпы ұзындығы – 252 км.

12 мамырда қаладағы су деңгейі 1 см-ге көтеріліп, 539 см-ге жетті, шектік белгі – 550 см. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі шамамен 4-5 күннен кейін болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты вице-премьер жағалаудың су шайып кететін жерлерінде бөгеттерді нығайтуды, атап айтқанда оларды геотекстильдермен және бетон блоктармен нығайтуды тапсырды.

Все новости