00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Алдағы үш жылда 2222 интернет казино мен букмекерлік сайт бұғатталады

16.05.2024 | 19:02
139
Алдағы үш жылда 2222 интернет казино мен букмекерлік сайт бұғатталады
Фото: ашық дереккөз

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, оны Ашық НҚА порталында жария талқыға ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Министрлік бұл жоспарды жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар санын 350 мыңнан 201 600 адамға дейін азайтуды көздеп отыр. Оның ішінде биылдың өзінде 35 мың адам «лудомандар» тізімінен шығуы тиіс. 

Бұл үшін Қазақстанда интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттар жаппай бұғатталатын болады. Қазіргі таңда бұғатталған сайттар саны 4500 болса, олар үш жылда 2222-ге артып, 7722 болуы тиіс: 

Жоспарды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 80 931 200 теңге қаржы бөлінбек. 

Все новости