00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Алдағы 3 тәуліктің ауа райы қандай

25.02.2023 | 08:24
Елорда ақпарат
94

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік-батыстан түнде және таңертең жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында  түнде және таңертең найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан түнде және таңертең жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді, Ақтөбе қаласында батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады деп күтіледі.

Тараз қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай жарқылдайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Қызылорда облысында күндіз 40-41 градус қатты ыстық, облыс орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, күндіз орталықта, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда қаласында күндіз 40 градус қатты ыстық, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, түнде оңтүстікте, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде 40 градус, Түркістан қаласында күндіз 40 градус қатты ыстық болады.

 

Все новости