ҚР бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді
![](/img/articles/uploads/61a9b217e3473005630925_ef4feccf4e.jpeg)
Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Аустралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Израиль, Италия, Канада, Нидерланд, Чехияға барған адамдар 7 күн бойы үйде оқшауланады (үй карантині). Бұл елдерден келген жолаушылар коронавирусқа қарсы вакцинасы және теріс нәтиже шыққан ПТР-анықтамасы болғанына қарамастан, үй карантиніне жіберіледі.
Құжатта айтылғандай, Қазақстанға әуе рейсімен келген барлық жолаушы мемлекеттік шекараны кесіп өтерде міндетті түрде теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) көрсетеді. Тест нәтижесі 3 тәуліктен асып кетпеуі тиіс. Ересектердің анықтамасы болған жағдайда, 5 жасқа дейінгі балалардан ПТР-тест талап етілмейді.
Сондай-ақ Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египеттен келген азаматтар вакцинаның екі дозасын салдырғанына қарамастан, мерзімі 72 сағаттан аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтамасын көрсетуге міндеттеледі. Бұл талап бес жасқа дейінгі балаларға қатысты емес.
Халықаралық транзитпен жүрген жолаушыларға транзит аймағынан шығуға тыйым салынады.
Бұған қоса, Қазақстанға шет елден ұшып келген барлық адамның (Қазақстанның үкіметтік делегациялары, әуе компаниялары экипажын қоспағанда) дене қызуы өлшенеді, анкета толтырады және 3 тәуліктен аспаған ПТР-анықтама ұсынады.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Құжат 2021 жылы 3 желтоқсанда сағат 00.00-де күшіне енді.
![](/img/articles/48326ddf10a1959ed5c615b321ea1d93.jpg)
![](/img/articles/0ac613b930f4dfcd6488b160f6a19238.jpg)
![](/img/articles/56d16cada6a15c89f991e13a0ee510cf.jpeg)
![](/img/articles/f3249c5ed22a3dd8ce15bc8926adf7bb.jpeg)
![«Тәжен» кеден бекетінде шетелдік азамат есірткімен ұсталды](/img/articles/48326ddf10a1959ed5c615b321ea1d93.jpg)
![Қыз бала өмір бойына әкесіне ғана еркелеп өтеді – Қайрат Әділгерей](/img/articles/0ac613b930f4dfcd6488b160f6a19238.jpg)
![50 пайыздық білім грантын кімдер иелене алады](/img/articles/56d16cada6a15c89f991e13a0ee510cf.jpeg)
![Елорда күніне орай «Тарих таңдаған Астана!» көрмесі өтеді](/img/articles/f3249c5ed22a3dd8ce15bc8926adf7bb.jpeg)
![130 мыңнан аса қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды](/img/articles/9e59c314a95d4d5f02904784d3052305.jpg)
![ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды](/img/articles/c2f0d666961dcb46aa696d77bafac5c6.jpg)
![ШЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай мүмкіндіктерге ие](/img/articles/95fa27542952bd0d8e4beed32c325ae2.jpg)
![Мемлекет басшысы: Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз](/img/articles/4145958c13c690964eceb5aac0b40b82.jpg)
![Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт қажет – Президент](/img/articles/929c92c1d576f308159bfee2ed013d8b.jpg)
![ШЫҰ кеңістігінде үш миллиардтан астам адам тұрады – Президент](/img/articles/2a8a317743b753bb0778b29c5c4bde1b.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)