00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Жыл басынан бері 187 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Жұмыспен қамту
фото: Астана қаласы әкімдігі

1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 254,1 мың қазақстандық қатысты. Нәтижесінде 186,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 67,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 119,7 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 11,1 мың адам, жастар практикасында 8 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 82,3 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 4,2 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 137 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 14 мың адам жұмыспен қамтылды,- деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 30,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 27,3 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 33,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 21,9 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 93,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Биыл жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін  жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант беріледі.  Ал жастарға  жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздық, сомасы 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.

Все новости