00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Зулфухар Ғайыпов: Қоғамдық кеңес – билік пен халық арасындағы диалог алаңы

02.08.2023 | 05:30
152
фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Бүгінде қоғамдық кеңестер мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы органға айналды. Бұқара мен билік арасын жалғастырушы ретінде Мемлекет басшысының қоғамды демократияландыру, халық үніне құлақ асатын үкімет қағидаттарын жүзеге асырып келеді. Елмен етене еңбек етіп келе жатқан қоғамдық кеңестің жұмысын көрсету мақсатында Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Зулфухар Ғайыповпен аталған кеңестің жұмысы жайлы баяндап берді.

Елімізде «Қоғамдық кеңестер туралы» заң 2016 жылы қабылданды, бірақ 2021 жылы осы заңға нақты өзгерістер енгізілді. Астана қаласының қоғамдық кеңесі өз қызметін 2022 жылы 11 сәуірде бастады. Кеңестің барынша нақты және нысаналы қызметін қамтамасыз ету үшін 5 комиссия құрылған. Қалалық кеңестің қазіргі мүшелері өткен жылдың наурыз айында бекітілген. 

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы шешімімен кеңеске 31 адам бекітілді. Оның  құрамына коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді. Соңғы құрылған қоғамдық кеңесті қалыптастыру барысында қоғам тарапынан өте жоғары белсенділік байқалды. Конкурсқа 200-ден астам елордалық белсенділерден өтініш түсті, яғни бір орынға 7 үміткер тіркелді. Қоғамдық кеңестің салалық құрамына келетін болсақ, білім беру ұйымдарынан -5, коммерциялық ұйымдардан - 8, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен - 18 адам кірді. Осылайша елордалық Қоғамдық кеңесінің 99 пайызы толығымен жаңарды. Олардың барлығы да елорда түгілі, елімізге абыройлы, беделді, халыққа танымал тұлғалар. Олардың әрқайсысының өз жауапкершілік аймағы бар,- деді Зулфухар Ғайыпов.

реформа.jpg

Сондай-ақ, кеңес қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша талқылау және шешім қабылдауға қатысады. Ірі шаһарларда тұрғындар билік өкілдеріне тікелей жолыға алмай жатады. Мұндай жағдайда олар өздерін мазалап жүрген сұрақтары бойынша кеңеске өтініш білдіре алады. 

Біздің кеңесте әр сала бойынша комиссиялар бар. Олар өздерінің халықпен кездесу жоспарларына сәйкес қабылдау жасап отырады. Мысал ретінде айта кететін болсақ, Әлеуметтік саясат саласындағы азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Олар маусым айында елордамыздағы мектеп құрылыстарын аралап шықты. Нәтижесінде қала билігіне аталған саладағы мәселелерді уақытылы шешу керектігі туралы өз ұсыныстарын берді. Соған сәйкес құрылыс нысандарындағы жұмыстар қарқындай түсті. Бұл өз кезегінде елордадағы білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығын тездетеді. Дәл сол сияқты екінші  Бюджет, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі туралы да айтуға болады. Бұл жұмыс жүйелі түрде тоқсан сайын әкімдіктің инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп өтеді. Олар әлеуметтік маңызы бар халық көп тұтынатын азық-түлік бағаларын бақылайды. Басқа комиссиялар да өз қызметін осылайша жоспарға сай атқарып отырады,- дейді кеңес төрағасы.

Биыл аталған кеңесте жарты жылда 11 отырыс өткізілді. Онда 40 мәселе мен 36 нормативтік құқықтық акт қаралған. Зулфухар Ғайыповтың сөзінше, күн тәртібіндегі мәселелер «бұл қала тұрғындарына қалай әсер етеді?» принципі бойынша талқыланады.

Қоғамдық кеңес мүшелері 9 мамыр Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, сонымен қатар бірінші рет осы сияқты теңестірілген ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекітті. Сондай – ақ, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай әлеуметтік көмек мөлшерін бекіту туралы ұсыныстарды қарастырды. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелері үлкен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 12 мыңнан астам адамды қамтитын 230-дан астам іс-шара өткізілді. БАҚ беттерінде 50-ге жуық жарияланымдар, теледидар, радио және әлеуметтік желілерде қоғамдық кеңес мүшелері пікір білдірді. Қаланың Қоғамдық кеңесі билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, түрлі мәселені шешуде барлық күш-жігерін жұмсайтын болады,- дейді төраға. 

реформа 1.jpgКеңес мүшелері  биыл әлеуметтік мәселелерді бақылаудан бөлек, қоғамдық сараптама жүргізуді де жоспарлап отыр екен. 

Кез келген саяси институт сияқты біздің кеңестің де өз жоспары бар. Жоғарыда айтқанымыздай біздің жоспарымыз елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен адам құқықтары мен бостандықтарының дамуымен тікелей байланысты болады. Жыл басында жоспар бекітілген. Қазіргі таңда сол жоспарға сәйкес жұмыстарымызды атқарып келеміз. Биылғы жұмыс жоспарында  көші-қон процестерін мониторингілеу, елордадағы экологиялық ахуалдың жай-күйі,  қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, тұрақ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы талқылау түр.  Бұдан басқа, қоғамдық бақылаудың тағы бір түрін пайдалану жоспарланған. Жұмыс жоспарына сәйкес, елордада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық сараптама ұйымдастыру және жүргізу жоспарда бар,- дейді З.Ғайыпов.

Сонымен қатар,  кеңес мүшелері мемлекеттік тілдің сауда, спорт орталықтарында қолдану нормасын сақтау туралы және  елорданы газдандыру бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыратын болады. Қоғамның үні мен оның ішіндегі халық өкілдерінің тиімді ұсыныстары билікке жетуде. Қоғамдық кеңес дегеніміз қоғамның сенімі, билік пен халық арасындағы байланыстырушы диалогтық алаң деп нық айтуға болады.

Все новости